Күдіктінің қалтасынан 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді
Астанада түнгі клубта есірткі сатқан адам ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, түнгі клубқа есірткімен келген азаматтың қалтасынан 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді. 31 жастағы ер адамның синтетикалық есірткіні сатумен айналысқаны анықталды. Полицейлер есірткі сатқан адамды ұстағаннан кейін оның тұрғылықты жерін тінтіп, есірткіні буып-түю және орау үшін қажетті материалдар мен салмағы 3,7 грамм болатын мефедрон табылды.
Есірткі заттарын сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін адамның мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.