×

Астанада түнгі клубта есірткі сатқан адам ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктінің қалтасынан 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 15.04.2024 | 16:24
Фото: polisia.kz

Астанада түнгі клубта есірткі сатқан адам ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, түнгі клубқа есірткімен келген азаматтың қалтасынан 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді. 31 жастағы ер адамның синтетикалық есірткіні сатумен айналысқаны анықталды. Полицейлер есірткі сатқан адамды ұстағаннан кейін оның тұрғылықты жерін тінтіп, есірткіні буып-түю және орау үшін қажетті материалдар мен салмағы 3,7 грамм болатын мефедрон табылды.

Есірткі заттарын сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін адамның мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама