Halyq Uni логотип
×

Елімізде 5 мыңнан аса үй су астында қалды

Табиғи апаттан 39 мың бала құтқарылды

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 10:30
Елімізде 5 мыңнан аса үй су астында қалды
Фото: Halyq Uni

Бүгінде Қазақстанда 5 мыңнан аса үй су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметі 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам өз үйлеріне оралды, - деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

Бүгінде 9 млн 500 мыңнан аса текше метр еріген қар суы сорылып, 2 млн 200 мың қапшық және 1 млн 200 тонна инертті материал төселген.

Сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам, 4 мың 66 техника, оның ішінде 835 су сору құралы, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылған.

Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула және 2035 саяжай су астында қалды. 3 503 тұрғын үй мен 2 мың 157 ауладан су бұрылды. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет етеді, - деді аға офицер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама