×

Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды

Сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады

 Динара Амантай 15.04.2024 | 10:17
Фото: Halyq Uni

Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, облыс орталығының Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы павлодарлық мас күйде анасымен жанжалдасқан. Өзіне деген мұндай көзқарасқа төтеп бере алмаған әйел полиция қызметкерлерін шақырды.

Шақыруды пысықтау кезінде ер адамның алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды. Онда ер адам ескерту түрінде жазаға тартылды. Сондай-ақ тәртібіне ерекше талап қойылды. Сот шешіміне сәйкес, ер адамға 6 ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама