Halyq Uni логотип
×

Шымкентте мектепті жөндеуге бөлінген 7 млн теңге жымқырылған

Онда жұмыс істемегендер де жалақы алған

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 10:10
Шымкентте мектепті жөндеуге бөлінген 7 млн теңге жымқырылған
Фото: Halyq Uni

Шымкентте білім ордасын жөндеуге бөлінген шамамен 7 млн теңгенің жымқарылғаны анықталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Тұран ауданының прокуратурасы мектепті тексеру барысында 6 млн 843 мың 837 теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл қаржы 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Бұдан бөлек, жұмыс істемегеніне қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды, - деп жазылған хабарламада.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама