Қостанай облысында 269 үйдің иесіне жаңа баспана беріледі
Мал өлімі 976 басты қамтыды
Қостанай облысында залалды бағалау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өңірдің 2 қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Оның барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша арнайы комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.
Бүгінде 609 үй тексерілді. Қалпына келтірілмейтін үйлер саны – 269, олардың иелеріне үй беріледі. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан мал өлімі 976 басты қамтыды. 214 бас мал саны бойынша төлем жүргізілді, - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.