Halyq Uni логотип
×

«Есімін өзгертеміз»: тайландтық аруды келін еткен қазақ отбасы сұхбат берді (ВИДЕО)

Бойжеткен келін болып түскеннен кейін ислам дінін қабылдаған

 Халық үні 13.04.2024 | 21:55
«Есімін өзгертеміз»: тайландтық аруды келін еткен қазақ отбасы сұхбат берді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қазақстан жайлы осыған дейін мүлде білмеген таиландтық Ихва есімді ару Маңғыстауға келін атанды. Шетелдік арудың енесі mangystaumedia.kz ақпараттық порталына сұхбат беріп, келінінің есімін Інжу деп ауыстыратынын айтты.

Енесінің айтуынша, бойжеткен келін болып түскеннен кейін ислам дінін қабылдаған.

Балам Алматыда жоғары оқу орнын бітірді. Әлеуметтік желі арқылы танысқан. Онлайн курсқа қатысып жүріп танысыпты. Қарсы болған жоқпыз. Бірақ біртүрлі болып қалдық.«Барып келем, көріп келем» деді. Ұлымды он күнге Таиландқа жібердік. Барып, ата-анасымен танысып, үйленетін болып келді. Бәрі мақтап жатыр. Ағайын-туысқа да ұнап жатыр. Жылы жүзді. Бәрін тез ұғады, пысық. Түсіндіре алмай жатсаң, ұға қояды.

Алғашында бәрі «Қой» деді. Біз бәріне дайын болдық. Баланың тағдыры ғой. Тағын жасап берсек те, бағын жасай алмаймыз. Мұсылман дінін қабылдаймын деді. Атымды қазақша қойып алыңдар деді. Есімін Інжу деп өзгертеміз деп отырмыз. Қазақстан туралы осыған дейін мүлде естімеген. Ұлым Мираспен танысқаннан кейін барып ондай елдің барын білген», - деді Ихваның енесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазаққа келін болған кәріс қызы бауырсақ пісіріп, ет асуды үйреніп алғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама