×

«Ата-ананы бағалаңдар!» - балалар үйінің тәрбиеленушісі

Балалардың барлығы өнерлі... 

фото: inform.kz

«Ата-ананы бағалаңдар!» Ақкөл аудандық балалар үйінің тәрбиеленушілері өз замандастарын балаларды қорғау күнімен құттықтап, осындай тілек жолдады. 94 бүлдіршіннің шаңырағына айналған ордаға бүгін қала белсенділері келіп,  балдырғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 16 жастағы Юра есімді жасөспірім туғаннан осында тәрбиеленіп келеді. Қазақ тілін ерекше құрметтейтін жеткіншек бос уақытында каратэ, футбол сынды спорт түрлерімен айналысады. Юра өз қатарластарымен бұл мерекені жыл сайын ерекше атап өтетінін айтып, демеушілерге зор алғысын білдірді. Бұл туралы Астана телеарнасының сюжетінде көрсетілді. 

«Көңіл-күй керемет. Демеушілер келіп керемет мереке сыйлап жатыр, көп рақмет айтамыз. Қатарластарыма тілерім, мереке құтты болсын. Ата-аналарыңды тыңдаңдар, шуламаңыздар», - дейді балалар үйінің тәрбиеленушісі Юра. 

Балалардың барлығы өнерлі. Танымдық сұрақтарға да мүдірмей  жауап береді. Іс-шара барысында ел іргесін ұстайтын ұрпақтарға жомарт жандар мерекелік сыйлықтар  табыстады.

«Бүгінгі балалардың көңіл-күйі тамаша, керемет, жоғарғы деңгейде! Балалар бүгін өте бақытты. Себебі, бізге көптеген адамдар келіп осындай бақыт, қуаныш сыйлап жатыр. Барлықтарыңа үлкен рақмет айтамыз, балалардың көңіл-күйін көтергендеріңіз үшін», - дейді Ақкөл аудандық №1 балалар үйінің тәрбиешісі Наргиза Төксейітова. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43