Halyq Uni логотип
×

Каспий акваториясында балық аулаған браконьерлерге 2,5 млн теңге айыппұл салынды

50-ден аса заңбұзушы ұсталды

 Динара Амантай 13.04.2024 | 15:29
Каспий акваториясында балық аулаған браконьерлерге 2,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметі мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Ресей мен Әзірбайжанның шекара ведомстволарымен бірлесіп Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғау жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларының кезекті кезеңін өткізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бірлескен іс-қимыл басталғалы бері барлығы 31 шағын қайықты 53 бұзушы ұсталып, 139 шақырым браконьерлік аулау құралдары алынды. Шамамен 2,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Табиғи тіршілік ету ортасына 805 бекіре тұқымдас балық, 12 мыңнан астам әртүрлі тұқымдас балық және 39 итбалық жіберілді. Мемлекетке келтірілетін 1,5 млрд теңгеден астам залалдың алды алынды.

Каспий акваториясын қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама