Әуежай жұмысшысы сақтау қоймасына бірнеше рет ұрлыққа түскен

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасын жүргізу барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді

Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Алматы-Дубай, Алматы-Прага және Алматы-Гонконг халықаралық бағыттары бойынша әуежайдағы уақытша сақтау қоймасы аумағында бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлаумен айналысқан 29 жастағы азаматтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында 7 млн 645 мың 371 теңге болатын мүлікті ұрлаған. Көлік полицейлерімен жедел тәртіпте ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасын жүргізу барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы барлық ауыр фактілер бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.