Halyq Uni логотип
×

Елордада мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

Прокуратура меморгандар тарапынан тыйым салу және шектеу шараларын қолдануының заңдылығына талдау жүргізді

 Динара Амантай 12.04.2024 | 11:51
Елордада мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Қала прокуратурасы кәсіпкерге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тыйым салу және шектеу шараларын қолдануының заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды.

Бұл мән-жайлар сотта оның әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды.

Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкерге ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама