72 қазақстандық пен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
2024 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 перацияның 16-сын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.
Жалпы айналымнан 800 келіден астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.
Алынған есірткі құны қара нарықта 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік доза болды.
ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 қазақстандық пен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіп жатыр.