Павлодарда жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр

Дәурен Ерболат

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: Halyq Uni

Павлодарда полиция жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлады облыстық ПД.

10 сәуірде Batyr mall сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен. Барлық арнайы қызмет оқиға орнына дереу жетті.

Көрінеу жалған ақпаратты хабарлау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, егер жалған ақпарат таратқан адам анықталып, оның кінәсі сотта дәлелденсе, ол Қылмыстық кодекстегі бап бойынша 5 мың АЕК (18 млн 460 мың теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы немесе 5 жылға бас бостандығы шектелуі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.