×

Шымкентте гараждың астынан марихуана сақталған жертөле табылды (ВИДЕО)

Тәркіленген есірткінің салмағы 10 келіден асқан

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2024 | 16:50
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласында бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ұстаған. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы бар екені анықталды.

Кейін белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. Тәркіленген есірткінің салмағы 10 келіден асқан. Бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама