×

Астанада ҚТЖ жұмысшыларынан құрылған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Олар теміржол торабын жөндеуге арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан

 Динара Амантай 11.04.2024 | 12:40
Фото: polisia.kz

Теміржол торабын жөндеуге арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан жұмысшылар тобы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2022 жылдың соңында көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі», «Жаңаарқа жол дистанциясы» жұмысшыларынан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Олар 2 жылдан бері аса ірі мөлшердегі теміржол торабын жөндеуге және ауыстыруға арналған жолдың үстіңгі құрылысына керекті материалдарды ұрлаумен айналысқан.

Осы іс бойынша 4 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған ауданааралық қылмыстық соты үкім шығарды. Жалпы сотталушы – 9 адам, оның ішінде осы қылмыстық топты ұйымдастырған «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ жұмысшылары да бар. Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қылмыс жасағандарға 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама