Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында 9 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

ЖОО-дан тағы 7 938 педагогтің дипломы бойынша жауап күтіп отырмыз, - деді басқарма басшысы

 Еркеғали Болатұлы 10.04.2024 | 14:05
Маңғыстау облысында 9 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында кейбір педагогтердің дипломы жалған болып шықты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, былтыр 20 мың педагогтің құжаты тексерілген.

2023 жылы облыс бойынша 20 мыңнан астам педагогтің дипломы құқық қорғау органдарына тексеруге жіберілді. Нәтижесінде 7 педагогтің дипломы жалған болып шықты, - деді Динара Жұмашева.

Оның айтуынша, биыл да дипломы жалған мұғалімдер анықталған.

Жыл басынан бері 9 педагогтің білімі туралы құжаты расталмады. Олар қызметінен босатылды. Қазір жоғары оқу орындарынан тағы 7 938 педагогтің дипломы бойынша жауап күтіп отырмыз, - деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама