×

Шу тұрғынынан 5 млн теңгеге бағаланған гашиш тәркіленді (ВИДЕО)

Есірткі полиэтилен қапшығында болған

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2024 | 10:57
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында есірткіні сатумен айналысқан адам ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Шу ауданының Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ мен ҰҚКД қызметкерлері 25 жастағы азаматтан ірі көлемдегі гашиш тәркіледі. Күдіктінің үйінен 5 млн теңгеге бағаланған гашиштің қапшығы табылды. Ер адам есірткіні Алматы қаласында сату үшін сақтаған.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың айтуынша, есірткінің жалпы салмағы – 14 келі 20 грамм. Бұл – шамамен 5 600 доза. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады.

Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама