Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Жер телімі жеке меншікке 20 жылға заңсыз берілген

 Динара Амантай 10.04.2024 | 10:21
Павлодар облысында құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» шаруа қожалығына 1 мың 552 гектар жайылымды 20 жыл мерзімге негізсіз беру фактісін анықтады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді. Облыстың МАЭС шешімімен департаменттің арызы қайтарылды. Бұл ретте сот жер телімі елді мекеннің жерлеріне жататынындығын, жергілікті халықтың малын жаюға арналғандығын, осыған байланысты жалға беруге болмайтынын назарға алмаған.

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертіліп, талап қанағаттандырылды. Құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама