×

Қостанайда төрт баланы өрттен аман алып қалған 5-сынып оқушысына су жаңа көлік сыйға берілді

Оқушыға Төтенше жағдайлар министрлігінің медалі табыс етілді

 Халық үні 28.12.2021 | 16:43
фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov/

Жуырда Қостанай облысында бүтін бір отбасының төрт баласын өрттен құтқарған 5 сынып оқушысына көлік сыйға берілді.

Олег Пирог бір сұхбатында жаңа жылға өзі үшін ештеңе сұрамайтынын, бірақ анасының көлігі болғанын қалайтынын айтқан.

Бесінші сыныпта оқитын Олегтің тұратын үйі оның мектебінен алыс жерде орналасқан екен. Отбасында көлік болғанымен, жүруге жарамсыз. Ол енді анасында су жаңа темір тұлпар болатынына дән риза.

Әрине, біз үшін бұл күтпеген тосынсый болды. Бұл көлікті Олегке сыйға тартты. Біз әлі көліктің құжаттарын рәсімдеген жоқпыз. Сол себепті әзірге оны алмадық, - деді Олегтің анасы Валентина Пирог.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Олегке ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстап, сондай-ақ 5-сынып оқушысы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Ал Олегтің анасы Валентина Пирог Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Қостанайдағы «Садовод» саяжайындағы үйлердің бірі өртке оранды. Ол уақытта 5-сынып оқушысы Олег Пирог далада ойнап жүрген, кейін қалың түтінді байқап, бірден көмекке жүгірген. Артынша өртенген үйдің ішінен төрт баланы алып шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама