Бүгін ресми ақпарат жарияланды
Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен антикордың жалған қызметкері Нұрбол Кәрімов қамауда отыр, дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«Желілерде «антикор ұстаған Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады» деген видео тарап жатыр. Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов биылғы 20 мамырдан бастап сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласындағы лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды. Кәрімов бұрын басқа ұқсас қылмыстарды жасаған болуы мүмкін.
Бұған дейін Нұрбол Кәрімовтың Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткенін хабарлаған едік.