Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті
Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз
Димаш Құдайберген Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан еріктілер штабына барды.
Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығы су тасқынынан зардап шеккендер тұрып жатқан эвакуация пункттеріне қажет азық-түлік пен тұрмыстық заттарды жинайтын негізгі пунктке айналды.
Кішкентай кезімнен мені қолдап, биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірген жерлестеріме келмей тұра алмадым. Жаңалықтан мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын білдім. Ең бастысы, адамдар қалыпты өмірге қайта оралса болды, - деді Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударған.
Димаш бұған дейін Ақтөбе қарғын сумен тап келген Ақтөбе жұртына алаңдаушылығын білдірген еді.
Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз.«От пен су - тілсіз жау» - қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын!, - деп жазды ол.