Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысының тұрғыны әйелін баланың көзінше ұрып-соққан (ВИДЕО)

Ол Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді

 Еркеғали Болатұлы 09.04.2024 | 10:38
Маңғыстау облысының тұрғыны әйелін баланың көзінше ұрып-соққан (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

Маңғыстаулық полицейлер көшеде баланың көзінше әйелін ұрып-соққан ер адамды ұстады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Ер адамның ойын алаңында әйелді ұрып жатқан видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Полицейлердің мәліметінше, бұл жағдай 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған.

Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Сондай-ақ полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша материал сотқа жолданғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама