Су тасқыны: Павлодар облысының әкімі өтемақы туралы айтты
Ал ШҚО-ның таулы жердерінде қардың 60 пайызы әлі ерген жоқ
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға берілетін өтемақы туралы айтты.
Оның айтуынша, Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында төтенше жағдай жарияланған күннен бастап тәулік бойы 12 ауыр техникамен қазаншұңқырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлерді су басу қаупі толығымен жойылды. Қазір жағдай қалыпша. Дегенмен су тасқынының қаупі бар.
Су тасқыны кезінде үйлері зардап шеккен барлық ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіледі. Арнайы комиссия келтірілген залалды бағалайды. Оның қорытындысы 10 сәуірге дейін берілетін болады, - деді әкім.
Облыс басшысы қорытынды бойынша зардап шеккен үй иелеріне бюджеттен тыс қорлардан өтемақы төленетінін айтты.
Тағы да айта кетейін, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Облыстың басқа аудандарында бюджеттен тыс қаражаттан 38 млн теңге көлеміндегі төлемдерді 71 адам алды. Сондай - ақ осы аптада зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленетін болады, - деді әкім ол.
Павлодар облысында су тасқыны әлі де қауіп төндіріп тұр. Бұл өңірде Ертіс өзені бар. Егер ол тасыса, көрші облыстарға да зиынын тигізуі ықтимал. Онымен қоса Шығыс Қазақстан облысының таулы жердерінде қардың 60 пайызы әлі ерімеген. Сондықтан Қатонқарағай, Шемонаиха, Марқакөл, Глубокое, Үлкен Нарын және Алтай аудандарында тасқын қаупі әлі сейілген жоқ.
Бұл жерде алдағы үш тәулікте күн күрт жылынып, толассыз жаңбыр болуы мүмкін.
Соңғы үш тәулікте Бұқытырма мен Қара Ертістің де көбесі сөгіліп, сең жүре бастаған. Мамандар жиналған мұзды арнайы жарып, тасқынның алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.
Келесі аптаның басында Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында тасқын болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Ертіс өзені көтеріліп, жағдай қиынадуы мүмкін делініп отыр.