Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе тұрғыны 2 жыл бойы жарамсыз жанармай талондарын сатып келген

Күдікті ұсталып, УҰИ-ға орналастырылды

 Динара Амантай 08.04.2024 | 11:57
Ақтөбе тұрғыны 2 жыл бойы жарамсыз жанармай талондарын сатып келген
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының тұрғындарына 2 жыл бойы 30 млн теңгеге жуық жарамсыз жанармай талондарын сатқан ақтөбелік ұсталды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Салдарынан зардап шеккендердің 13-і Көкшетау қаласының полиция басқармасына жарамсыз талондарды сатқан белгісіз ер адамның алаяқтығына тап болғаны туралы өтінішпен жүгінді. Белгілі болғандай, 41 жастағы ер адам өзін кәсіпорындардың бірінің қызметкері ретінде таныстыра отырып, автокөлік жүргізушілеріне дизель отынын құюға арналған талондарды литріне 170, 200 және 230 теңге бағамен ұсынған. Біраз уақыттан кейін зардап шеккендер жанармай құю бекетіне барып, көліктерін толтыра алмаған кезде алаяқтың құрбаны болғанын түсінді.

Полицейлер жалған жанармай талондарын сату бойынша алаяқтықтың 18 эпизодын анықтады. Олардың 13-і сотқа шешім қабылдауға жіберілді. Қалған 5 іс бойынша полицейлер әлі де тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ақтөбе облысының 41 жастағы тұрғыны 2020 жылы Көкшетау қаласына табыс табу үшін келген. Алайда ол бірден көп ақша таппайтынын түсініп, құқыққа қайшы әрекетке бел буған.

Бүгінде күдікті ұсталып, УҰИ-ға орналастырылды. Алаяқтық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама