Олар ер адамды қиын жағдайда жалғыз қалдырмады
Шымкентте полиция толғағы қысқан әйелге шұғыл көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Қаладағы патрульдік полицейлерден ер адам көмек сұрады. Ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын айтқан. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, көліктің тез арада перзентханаға жетуіне көмектескен.
Ер адам тәртіп сақшыларына алғыс айтты.