×

Шымкентте полиция толғағы қысқан әйелге шұғыл көмек көрсетті

Олар ер адамды қиын жағдайда жалғыз қалдырмады

 Дәурен Ерболат 08.04.2024 | 11:25
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция толғағы қысқан әйелге шұғыл көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.

Қаладағы патрульдік полицейлерден ер адам көмек сұрады. Ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын айтқан. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, көліктің тез арада перзентханаға жетуіне көмектескен.

Ер адам тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама