Halyq Uni логотип
×

Шетел азаматы әуежайдан жалған құжатпен өтпек болған

Шекара қызметкерлері шетелдікті депортациялады

 Динара Амантай 08.04.2024 | 11:16
Шетел азаматы әуежайдан жалған құжатпен өтпек болған
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Шетел азаматы әуежайдан жалған құжатпен өтпек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстаған..

Аталған адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды.

Жедел қызметтің нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама