Halyq Uni логотип
×

Қостанайдың әкімі халықтан көмек сұрауға мәжбүр болды (ВИДЕО)

Дәл бүгін, дәл қазір көмегіңіз керек! – деді Марат Жүндібаев

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2024 | 17:52
Қостанайдың әкімі халықтан көмек сұрауға мәжбүр болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Үлкен көпір маңында тұрғындардан су тасқынымен күресуге көмек сұрады.

Бұл ретте әкім табиғи апатқа қарсы жұмылдыруға адам саны жетіспей жатқанын жасырмады.

Бүгін өзен арнасынан асуы мүмкін. Таңнан бері 700-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олар шаршады. Бізге көмек керек. Бейжай қарамайтын, көмектесуге ниетті барлық жерлесімізді көпірге келуге шақырамын. Жұмыс қапты құммен толтыруға байланысты. Дәл бүгін, дәл қазір көмегіңіз керек! – деді Марат Жүндібаев.

Қазір өңірде қар еріп, тасқын судың қатеріне байланысты Қарасу ауданының Қарамырза ауылында бақылау жүргізіліп жатыр. Тобыл мен Алтынсарин қалаларында эвакуация жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама