Halyq Uni логотип
×

Ақтауда ішіп-жемінің ақысын төлемегендердің бірі дәмханада оқ атты (ВИДЕО)

Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келді

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2024 | 12:45
Ақтауда ішіп-жемінің ақысын төлемегендердің бірі дәмханада оқ атты (ВИДЕО)
фото: yandex.kz

Ақтауда дәмханаға келген қонақтар есепті төлемей кетіп қалмақ болған. Тіпті, жанжал кезінде олардың бірі оқ атқан. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Есепті төлемей кеткісі келгендерді дәмхана қызметкерлері тоқтатпақ болған. Арада жанжал туындап, келушілердің бірі тапаншадан әуеге оқ атқан. Оның салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келді. Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама