Halyq Uni логотип
×

«Тонау, ұрлық тіркелген жоқ»: ІІМ 8 облыста елді мекендерді қоршауға алған

Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысанға күзет қойылған

 Халық үні 07.04.2024 | 11:35
«Тонау, ұрлық тіркелген жоқ»: ІІМ 8 облыста елді мекендерді қоршауға алған
Фото: Polisia.kz

Су тасқыны болған елдімекендерде қараусыз қалған үйлер мен нысандарды полиция бақылауға алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты.

39 ауданда зардап шеккен елдімекендер қоршауға алынды. Олар:

  • Абай облысында Ақсуат, Аягөз, Үржар, Көкпекті аудандары;
  • Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласы, Қобда, Темір, Әйтеке би, Ойыл, Алға аудандары;
  • Атырау облысында – Атырау, Қызылқоға, Құлсары;
  • БҚО-да – Орал, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бәйтерек, Тасқала;
  • Қостанай облысында – Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары, Жангелдин, Амангелді, Қостанай, Денисов, Қарасу, Қарабалық, Әулиекөл, Б.Майлин аудандары;
  • Павлодар облысында – Ақтоғай ауданы;
  • СҚО-да – Петропавл қаласы, Тайынша, Ғ.Мүсірепов пен Шал ақын аудандары;
  • Ақмола облысында – Көкшетау қаласы, Есіл және Жарқайың аудандары.

Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысандар күзетіліп жатыр. Тонау, ұрлық сынды қылмыстарға жол берілмеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 87 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды, - деді министрліктің ресми өкілі.

Республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ жалған ақпарат таралуына жол бермеу үшін ІІМ ақпараттық кеңістікті бақылап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама