Halyq Uni логотип
×

Елдегі су тасқынында 64 мыңға жуық адам эвакуацияланған

Олардың бәрімен психологтар жұмыс істеп, барлық қажетті көмек көрсетіледі

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2024 | 09:34
Елдегі су тасқынында 64 мыңға жуық адам эвакуацияланған
фото: Halyq Uni

ТЖМ ТЖ жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин ОКҚ-да өткен брифингте су тасқынына байланысты Қазақстан өңірлерінен тұрғындарды эвакуациялау бойынша жаңа деректерді жариялады.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке үй, 1 059 саяжай және 79 үй су астында қалған.

Қазір 63 927 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 45-і – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15 283-і – бала, - деді Қаһарман Оразалин.

Орналастыру пункттерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар. Спикер олардың бәрімен психологтардың жұмыс істейтінін, барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама