×

Қырғыздар Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады

15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті

 Динара Амантай 06.04.2024 | 16:22
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді. 15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама