×

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қалада ауа райы бұзылады деп болжанып отыр

 Динара Амантай 06.04.2024 | 10:25
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы қаласында бүгін шамамен сағат 17:00-ден кейін және 7 сәуір таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше жауын-шашын кезінде 235  арнайы техника, 210 жұмысшы және 51 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады. Олар су басудың алдын алу және проблемалық аумақта судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

6 сәуірде сағат 17:00-ден кейін 8 миллиметрге дейін жаңбыр сіркірейді деп болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +15...+17, түнде +10…+12 градус. 7 сәуірде 8 миллиметрге дейін нөсер жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8...+10, түнде +12...+14 градус. Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамау сұралады. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама