×

Астана, Қостанай, Рудный дүкендерінде есірткілік көкнәр сатылған

7 адамнан тұратын отбасы мүшелеріне қатысты үкім шығарылды

 Динара Амантай 05.04.2024 | 17:53
Фото: travaks.com

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 2024 жылы 4 наурызда аса ірі мөлшерде көкнәр сабаны және опий бар 5 тоннадан астам көкнәрді сақтап, бөлшек саудамен айналысқан 7 адамнан тұратын отбасы мүшелеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталғандар Астана, Қостанай және Рудный қалаларындағы азық-түлік дүкендері арқылы құрамында есірткісі бар заттарды заңсыз сату бойынша «отбасылық бизнес» ұйымдастырған.

Сотта мемлекеттік айыптаушылар бірнеше миллиондық қылмыстық пайда алу үшін сотталғандар өздерінің азық-түлік дүкендерінде нашақорларға көктамыр ішіне енгізуге арналған опийді жасау үшін опийлық көкнәрді тағамдық көкнәр, сондай-ақ оның құрамдас бөліктері (құрылыстық еріткіш, ас содасы, сірке суы, «Тропикамид», «Мидакс» медициналық заттары) түрінде сатқанын дәлелдеді.

Сот процесі алқабилердiң қатысуымен өтті. Олардың үкімі негізінде сотталушылар сотпен ұзақ мерзімге (10 жылдан 11 жылға дейін) бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама