Halyq Uni логотип
×

Жоғарғы сот Ресей азаматын елден шығару туралы шешімнің күшін жойды

Ол ЖОО-ның бірінде магистратурада оқиды

 Динара Амантай 05.04.2024 | 16:09
Жоғарғы сот Ресей азаматын елден шығару туралы шешімнің күшін жойды
Фото: Halyq Uni

Полиция басқармасы сотқа Ресей Федерациясы азаматының келген елдің заңнамасын бірнеше рет бұзғанын көрсетіп, оны Қазақстан аумағынан шығару туралы арызбен жүгінген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бірінші сатыдағы сот заң бұзуға бейім шетелдікті елдің аумағынан шығару қажет деп санаған. Жасалған құқықбұзушылықтың сипаты да, бұзушылықтардың саны да маңызды емес екені атап өтілген.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі қарап, бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады.

Шетелдік шынымен де ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігі, 601 және 612-баптары бойынша үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ жасаған құқықбұзушылықтары оны қасақана құқықбұзушы ретінде сипаттамайды. Барлық айыппұлдар уақытында төленген.

Шетелдіктің заңды бұзуға бейім және теріс сипатталатыны туралы бірінші сатыдағы сот қорытындысы іс материалдарына қайшы келеді.

Кассациялық сатыда құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың оң мінездемесі бар екені, ресми түрде жұмыс істейтіні және республикадағы жоғары оқу орындарының бірінде магистратурада оқитыны анықталды. Ол 2012 жылдан бері ата-анасымен Қазақстанда тұрады,сондай-ақ осында тұруға ықтиярхат алуға құжаттар өткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама