Олардың анасы ұсталды
Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 4 сәуірде болған.
Бұқар Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жария етілмейді.