МКК алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті
Жеке деректерді ешкімге бермеңіздер
Мемлекеттік кірістер комитеті де алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Комитеттің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткенін ескертті.
Алаяқтар қазақстандықтарға хабарласып, өзін Мемлекеттік кірістер органының өкілімін деп таныстырады. Содан кейін олар азаматтың берешегі барын айтып, оны шұғыл түрде төлеу керектігін ескертеді. Осындай алаяқтық дерегі пайда болды. Мысалы, алаяқтар өздерін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Айсұлу Айтқалықова және жеке сот орындаушысы Ахметова Динармын деп таныстырады, - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.
Осыған байланысты МКК тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Құрметті салық төлеушілер, сақ болыңыздар! Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіздер. Тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпаратты тексеріңіздер, - деп жазылған хабарламада.
- Қостанай облысы бойынша МКД сенім телефоны: +7 7142 53 65 80;
- Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығының нөмірі: 1414.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті де алаяқтарға қатысты мәлімдеме жасаған еді.