Halyq Uni логотип
×

Ақтөбедегі ветеринария саласында көптеген бұзушылықтар анықталды

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 05.04.2024 | 11:48
Ақтөбедегі ветеринария саласында көптеген бұзушылықтар анықталды
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тиісінше жұмыс істемеу фактілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, әкімдіктер аса қауіпті аурулар өршіген аумақтарда шектеу іс-шараларын уақтылы енгізбеген. Бұл үшін заңмен 3 күндік мерзім белгіленгенмен, іс жүзінде 2 ай өткеннен кейін ғана шектеулер енгізілген. Мұндай немқұрайдылық инфекциялардың таралу қаупін тудырады.

Сонымен қатар, облыс бойынша мал басы туралы нақты мәліметтер болмаған. Бұл эпизоотияға қарсы іс-шаралардың сапасын жоққа шығарады. Ветеринариялық іс-шара жоспарлары оларды жүргізу қағидаларын және көршілес облыстар мен іргелес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалға міндетті мониторингті есепке алмай қалыптастырылады.

Облыс бойынша 18 мал қорымы қоршаулардың болуы керектігі туралы талаптарға сәйкес келмейді, ал кейбіреулері елді мекендерден 1 мың метрден аз қашықтықта орналасқан. Өз кезегінде облыстық ветеринариялық инспекция көрсетілген бұзушылықтар бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде инспекцияның кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жағдайды түзету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама