Halyq Uni логотип
×

Мүгедектігі бар адамдарға 180 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Әлеуметтік қызметтер порталында көптеген көмек беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2024 | 10:49
Мүгедектігі бар адамдарға 180 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Фото: halyq-uni.kz

Биылғы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 140,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,4 мың адам ымдау тілі қызметін, 24,8 мың азамат жеке көмекшінің, 7,8 мың емделуші санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бүгінде порталда 893 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 692 ОТҚ жеткізуші, 29 мыңға жуық жеке көмекші, 739 ымдау тілі және 120 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған портал жөніндегі комиссияларға жаңа өкілеттіктер берілген. Комиссиялар мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдап, қарайды. Өнім берушіге хат жолдап, оның орындалуын бақылайды. Өнім берушіні порталдан шығарып, жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама