СҚО-да шенеунік жауапқа тартылды

Динара Амантай

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың 250 директоры да жазаланды

Фото: Halyq Uni

СҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қаржылық бақылау шараларын қолданбау түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Аққайың ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде олардың заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған. Бұл ретте басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау түрінде әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурордың қаулысымен бөлім басшысына айыппұл салынды.

Сондай-ақ салық есептілігін уақтылы ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі бойынша бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының 250 директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.