Астанада инклюзивті балабақша ашылды

Дастан Жұмабекұлы

Кеміс туған баланың өз қатарынан қалмай білім алуына жағдай жасалған

фото: ortcom.kz

Астанада қала әкімдігінің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша ашылды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Балабақша 2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Мұнда кеміс туған баланың өз қатарынан қалмай білім алуына жағдай жасалған. Балабақшада балаларға Астана медицина университетінің профессорлық - оқытушылық құрамы медициналық-оңалту көмек көрсетеді.  Олар сөйлеу қабілеті, аутизм спектрі, орталық жүйке жүйесі бұзылған және басқа да аурулармен ауыратын балаларға медициналық - педагогикалық көмек береді.

Балалармен логопед-дефектолог, реабилитолог, балалар невропатологы, педиатр, педагог-психолог, эрготерапевт, кинезиотерапевт, сондай-ақ сурдолог оторноларинголог және нутрициолог секілді тәжірибелі мамандар айналысады.

Балабақша АстМУ-дың клиникалық базасына айналады.

Астана медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Камалжан Надыровтың айтуынша, мұнда бабаларға барлық жағдай жасалға. Олардың жатын орындары жайлы және жарық бөлмелері оңалтуға қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған.