Астанада инклюзивті балабақша ашылды
Кеміс туған баланың өз қатарынан қалмай білім алуына жағдай жасалған
Астанада қала әкімдігінің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша ашылды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Балабақша 2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Мұнда кеміс туған баланың өз қатарынан қалмай білім алуына жағдай жасалған. Балабақшада балаларға Астана медицина университетінің профессорлық - оқытушылық құрамы медициналық-оңалту көмек көрсетеді. Олар сөйлеу қабілеті, аутизм спектрі, орталық жүйке жүйесі бұзылған және басқа да аурулармен ауыратын балаларға медициналық - педагогикалық көмек береді.
Балалармен логопед-дефектолог, реабилитолог, балалар невропатологы, педиатр, педагог-психолог, эрготерапевт, кинезиотерапевт, сондай-ақ сурдолог оторноларинголог және нутрициолог секілді тәжірибелі мамандар айналысады.
Балабақша АстМУ-дың клиникалық базасына айналады.
Астана медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Камалжан Надыровтың айтуынша, мұнда бабаларға барлық жағдай жасалға. Олардың жатын орындары жайлы және жарық бөлмелері оңалтуға қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған.