Прокурор Қуандық Бишімбаевтың әрекетін имитация деп атады
Астанада экс-министрге қатысты сот жалғасып жатыр
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 4 сәуірде сотталушы айыптау тарапының сұрақтарына жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айта кетейік, бұған дейін 3 сәуірде өтіп жатқан сот отырысында қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («аса қатыгездікпен адам өлтіру») негізінде сұрақтарға жауап беріп, қайғылы оқиға болған күн туралы өз нұсқасын айтты.
Сот отырысында прокурор Саяхат Нұрбеков Бишімбаевтан қамауға алынғаннан кейін өзіне қол салуға тырысқан-тырыспағанын сұрады. Айыпталушы Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болғанын айтты.
«Бишімбаев қамауға алынған 5 айдан бері процесcуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторына қойылған видеокамера арқылы сотталушыны жеке бақыладым. Бас ай ішінде өзіңізге бір де бір рет жарақат салуға тырысқан жоқсыз. Сол күні (9 қараша – ред.) не себепті куәгердің алдында имитация жасадыңыз?», - деді қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы.
Алайда Бишімбаевтың адвокаттары сотталушының бұл сұраққа жауап беруіне қарсылық білдірді.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).
Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).