Ақтөбе облысындағы су тасқыны: тағы 160-қа жуық адам эвакуацияланды
Ауданда төтенше жағдай жарияланды
Жылыой ауданының Қарағай ауылында шамамен 160 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.
4 сәуірде су тасқыны қаупінің туындауына байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қарағай ауылынан 156 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Эвакуацияға 4 автобус, 26 полиция қызметкері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 17 қызметкері жұмылдырылды.
Ауылдағы қараусыз қалған үйлерде ұрлық болмауы үшін полиция тәулік бойы күзетте тұр.
Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде су тасқынынан 15 мыңнан аса адамның эвакуацияланғаны хабарланған еді.