Атырау облысында жолды еріген қар суы басты
Барлық көліктің жүруіне шектеу қойылды
Атырау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» жолының бір бөлігін су басты, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
Биыл 4 сәуірдегі сағат 10:40 шамасында еріген қар суының салдарынан Атырау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 4-119-шақырымында (Доссор кенті мен Құлсары қаласы арасындағы жол учаскесі) барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде су тасқыны қаупінің сақталатыны хабарланған еді.