×

Жыл басынан бері 25 мыңға жуық қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

Курстардың ұзақтығы – 1-ден 72 сағатқа дейін

 Динара Амантай 04.04.2024 | 09:48
Фото: Halyq Uni

Биыл 24,9 мың азамат, оның ішінде 15 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, платформада барлығы 391,3 мың қазақстандық тіркелген. Оның 33,7 мыңы 2024 жылы тіркелді.

Оқудан өткен 15 мың жұмыссыз азаматтың 4,3 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 477 курс жариялады. Оның 244-і – тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы – 1-ден 72 сағатқа дейін.

Наурыз айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Страховой агент», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении», «Построение отдела продаж в отеле», «Пішу және тігу» және «Продавец».

Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама