Олар міндетті түрде ұрып-соғады, дейді ол
Танымал продюсер Баян Алагөзова Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
Бұл сұмдықты бастан өткердім, мұндай күйде адам ешқандай жанашырлық танытпайтынын анық білемін. Олар міндетті түрде ұрып-соғады, - деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған оңалту орталығын ашқан болатын.
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).