Ол әжесіне бармақ болған
Екібастұзда үйінен кетіп қалған жасөпірім елордадан табылды, деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.
Ата-ана 2008 жылы туған ұлын таба алмай жатқанын айтып, полицияға арызданған. 16 жастағы бала Солнечный кентіндегі үйінен кетіп қалған.
Жеке құрам дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті. Олар жасөспірім болуы мүмкін деген жерлерді, маршруттарды, достарын, туыстарын, таныстарын, әлеуметтік желілерде сөйлескен адамдарды тексерді. Оны соңғы рет көрген адамдармен де сөйлестік, - деді облыстық жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Бір күннен кейін студент Астанадан табылған. Жасөспірім Жамбыл облысындағы әжесіне бармақ болған. Бірақ ақшасы таусылып қалған.
Жалпы, облыста үйден кетіп қалған 34 жасөспірім ата-анасына қайтарылған.
Негізгі себеп – отбасындағы жанжал. Сондай-ақ бос уақыттың көп болуы, қырсығу, махаббат, отбасылық қолайсыздық, ата-анасының бақылауынан шығуға деген ұмтылысы кәмелетке толмағандарды осындай әрекете итермелейді, - деді ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор.