×

Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге ҰБТ-да қосымша 40 минут уақыт беріледі

Оларға арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі

фото: Halyq Uni

2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт беріледі. Ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер үшін бірқатар шара қабылдайды.

Нақтырақ, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған талапкерлерге негізгі 240 минуттан бөлек тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут беріледі. Яғни, олар ҰБТ-ны басқаларға қарағанда ұзағырақ - 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады.

ҰБТ-ны жылына бірнеше рет өткіземіз. Және де біз талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Олар үшін ҰБТ тапсыру уақыты тағы 40 минутқа ұзартылады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Осыған дейін білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов бізге осындай тапсырма берген болатын. Бұл өзгерістер олар үшін ҰБТ-дан өтуді айтарлықтай жеңілдетеді, — деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, 2022 жылы ҰБТ электронды форматта өтеді. Оқуға түсушілер дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейінді пәнді тапсырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама