Салада жалақы аз төленетінін министр де мойындап отыр
Қазақстанда коммуналдық тарифтер көтерілсе де жылу энергетикасы мамандары мардымсыз жалақы алып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде саладағы жас маман шамамен 180 мың теңге алады.
«Ал біліктілігі жоғары мамандар мен диспетчерлердің еңбекақысы – 350 мың теңге. Салада жалақы аз», - деді Алмасадам Сәтқалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Министр елімізде коммуналдық тарифтер көтерілгеннен кейін саладағы мамандардың жалақысы көтерілгенін атап өтті.
Мысалы, олар бұрын 250 мың теңге алса, тарифтер көтерілгеннен кейін 280 мың теңге алатын болды, - деді ведомство басшысы.
Еске салайық, Ұлттық статистика бюросы ақпан айында Қазақстандағы коммуналдық тарифтердің бағасы айтарлықтай қымбаттағанын хабарлады.